Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі
Өңірлердегі базарларды жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Спикердің айтуынша, өзектендірілген 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес Қазақстанда 115 базарды жаңғырту жоспарланған.
Базарларды жаңғыртуды жүргізіп жатқан, жүргіземін дегендерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Жалпы жұмыстардың 10,75%-ын мемлекет субсидиялап береді, ал қалған банктің пайыздық ставкасын кәсіпкердің өзі төлейді, – деді Айдар Әбілдабеков.
Сонымен бірге, комитет төрағасының ақпаратына сәйкес, биыл 16 базарда жаңғырту жұмыстары аяқталуға тиіс, ал қалған 99-ы келесі жылы ретке келтіріледі. 16 базардың алтауы Алматы, үшеуі Шымкентте орналасқан.