Halyq Uni логотип
×

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: Түркістан облысында медициналық қызмет қалай көрсетіледі

Өңірдің денсаулық сақтау ұйымдарына 2 млн-нан астам адам тіркелген

 Халық үні 20.09.2024 | 16:23
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»: Түркістан облысында медициналық қызмет қалай көрсетіледі
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев басқарманың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қалай іске асырып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Басқарма басшысының сөзінше, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына 45 мемлекеттік мекеме, 756 ұйым және 130 жеке меншік, оның ішінде 36 емхана мекемелері кіреді. Нақтырақ айтқанда өңірде 8 облыстық деңгейдегі, 2 балалар, 3 қалалық, 17 аудандық ауруханалар мен 5 оңалту орталығы, 21 емхана бар. Бүгінде бұл ұйымдарға 2 072 334 адам тіркелген. Бүгінде халық жиі шағым айтып, ұсыныс-тілектерін жолдайтын саланың бірі – денсаулық сақтау саласы.

Ағымдағы жылдың 7 айына облыс халқына 20 157 015 клиникалық-диагностикалық қызметтер, 444 152 жедел жәрдем шақыртулары, 1 975 санавиация шақыртулары жүргізілді. 8 млн.нан аса амбулаторлық, 208 мыңнан аса стационарлық медициналық көмек көрсетілді. оның ішінде оталар саны 31 045 ота жасалды, - дейді облыстың Асхан Байдуәлиев.

Бүгінде өңірдегі дәрігерлердің орташа айлық жалақысы 563 100 теңге, орта  медициналық қызметкерлері 272 930 теңге, педагогтар және басқалар  177 570 теңгені құрап отыр. Маман тапшылығы бұл өңірде де бар. Былтыр жергілікті бюджет есебінен резидентурада тапшы медициналық мамандықтарды даярлауға облыс әкімінің 60 гранты, 650 колледж гранты бөлінген. Биыл резидентураға 139 грант, орта буынды медициналық қызметкеркерді даярлауға 625 колледж гранты бөлінген.

Облыстың бас дәрігері  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік, 6 медициналық пунктердің құрылысы жоспарланғанын айтады.

Бүгінде 30 нысанның құрылысы жүріп жатыр. 13 нысанның жеңімпазы анықталды. Олармен келісім шарт түзіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. 5 нысанның құрылысын жүргізетін мердігер мекемелерін анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталының конкурс нәтижесін күтіп отырмыз, - деді Асхан  Мархабайұлы.

Оның айтуынша 2024-2026 жылдарға 44 ФАП, 17 МП жобаларын іске асыру жоспарланған. Бүгінде Сауран ауданында 1 ФАП және 1 МП, Келес ауданында 1 ФАП, Қазығұрт ауданында 1 ФАП және 1 МП құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, Ордабасы, Келес аудандары мен Қараспан, Қошқарата ауылдарында дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу жоспарда тұр.

Сондай-ақ, Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухана, 210 төсек орындық облыстық балалар аураханасы, Сарыағаш қаласынан, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылынан заманауи перинаталдық орталықтар, Мақтаарал ауданында 210 төсек-орындық аудандық аурухана секілді ірі медициналық жобалар жүзеге аспақ.

Түркістан қаласында шейх Мұхаммед Бен Заид Аль Нахаян атындағы 80 орындық перзентхана құрылысы» бойынша Біріккен Араб Әмірліктерімен келіссөздер жүргізілді. Бүгінде 80 орындық перзентхана құрылысының жобасына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.  Нысан құрылысына тапсырыс беруші «Түркістан әлеуметтік корпоративтік даму қоры», демеушісі Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қоры. Жоба бойынша конкурс жүргізіліп, қорытындысында мердігер «Эристайл-Казахстан» ЖШС жеңімпаз болып анықталып, екі жақты келісімнің шарттары бойынша демеушіге конкурстың қорытындысы хабарланды. Бүгінде демеуші тарапынан мердігермен келісім шартқа тұру бойынша ресми келісім күтіп отырмыз. Жобаның құны 9,6 млрд.теңге, - деді Байдуәлиев.

Басқарма басшысы Сарыағаш және Жетісай аудандық орталық ауруханалары «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында, ал, Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына қарасты «Алғабас» БМСКО «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында толық күрделі жөндеуден өткенін айтып өтті.

Сондай-ақ, Кентау қаласы мен Келес, Бәйдібек ауданындағы ауруханалрға күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында Сайрам аудандық орталық ауруханасы ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынған. Мемлекеттік сатып алу веб порталына конкурысын жариялауға өтінім беріліп (жоба 2025 жылға өтпелі), республикалық бюджетке ұсынылды. Ал, «Облыстық балалар ауруханасы», «Қарабұлақ» Сайрам, «Асықата» Жетісай, «Созақ аудандық орталық ауруханаларының ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамадан өткізілуде, - деді Асхан Байдуәлиев.

Бас дәрігер сөз арасында былтырғы жылы жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 10,5 млрд. теңгеге 32 дана медициналық құрал-жабдықтар мен 75 дана IV санаттағы жедел-жәрдем автокөлігін сатып алғандарын айтады.

Биыл медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жалпы сипаттағы трасферттер есебінен 6 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Сарыағаш, Ордабасы аудандарына 2 дана МРТ аппараты, Ордабасы мен Жетісай аудандарына 2 дана сационарлық ангиография,1 дана Жасанды қан айналым аппараты (АИК - аппарат искусственного кровообращения), 1 дана ЭКМО аппараты (Экстракорпоральная мембранная оксигенация), №1 және №2 облыстық перинаталды орталығы, Шардара, Созақ, Түлкібас, Сайрам аудандық ауруханалары мен Түркістан қалалық орталық ауруханасына 7 дана эксперттік УЗИ, Облыстық    фтизиопульмонология орталығы, облыстық клиникалық ауруханасы мен Кентау қалалық орталық ауруханасына 4 дана видеоэндоскопиялық жиынтық алынды, - деді облыстың Бас дәрігері.

Бұған қоса ол өңір тұрғындарын дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету жолында бірқатар жұмыстар атқарғанын айтады.

2024 жылға өңірдің медициналық ұйымдар тарапынан республикалық бюджет есебінен 15,9 млрд. теңге сомаға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 549 атауын сатып алуға өтінім беріліп, бүгінгі күнге дейін  диспансерлік есепте тұратын 172 705 науқастар жалпы сомасы 8 653 618 мың теңгеге қамтамасыз етілді.  Соның ішінде 18 жасқа дейінгі 39 299 науқас 1 663 079 мың тг. қаражат көлемінде  қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы жаңадан пайда болған диспансерлік есепте тұратын науқастар санының артуына байланысты медициналық ұйымдар тарапынан ТМККК шеңберінде  2 355 962 мың теңгеге және МӘМС жүйесі бойынша 488 550 мың тг. көлемінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қосымша өтінім жолданды», - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар бас дәрігер 2024 жылға орфанды науқасшаңдығымен ауыратын 251 науқасты тегін медициналық кепілдендірілген көмектің шеңберінде  дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен 4 591 681 мың теңге бөлінгенін атап өтті.

Айта кетейік, Түркістандық дәрігерлер Мәскеу, Санкт-Петербург, Стамбул қалаларында біліктілігін арттырып қайтқан. Неонатолог, анестезиолог-реаниматолог,акушер-гинекологтар, балалар кардиохирургы мен балалар травматологы, урология және кардиология саласы бойынша біліктілігін арттырған мамандар бүгінде тұрғындарға адал қызмет етуде.

Емдеудің замануи тәсілдері мен түрлерін меңгеру озық технологияларды игеру дәрігерлердің шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуын қажет етеді. Алайда, жергілікті бюджет есебінен бұл бастаманы қаржылай қолдауға мүмкіндік болмауда. Ауылға жұмыс істеуге келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне әлеуметтік шара көлемі ең төмен жалақының 100 еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем бекітіледі. Сондай-ақ, аудан әкімдіктері тарапынан тұрғын үй-жайларымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Былтырғы жылы  Бәйдібек, Қазығұрт, Шардара, Түлкібас, Келес, Мактарал, Отырар, Жетісай, Сарыағаш,Төлеби, Сауран аудандарындағы жалпы саны  109 маманға тұрғын үй алу мақсатында жеңілдетілген несие берілген, - деді Асхан Мархабайұлы.

Бас дәрігер облыстағы өзекті мәселелердің бірі ана мен бала өлімін төмендету екенін айтып отыр. Бүгінде бұл мәселе бойынша бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылған. Мәселен, облыстағы барлық перинаталдық орталықтарында «Ұрықты қорғау орталығы» жұмыс істеп тұр. №2 облыстық перинаталдық орталығында «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы іске қосылып, 60 жүкті әйел тексеруден өтті. Барлық медициналық ұйымдар басқарманың «Түркістан облысында фертильді жастағы әйелдерге медициналық көмек көрсетуді жетілдіру туралы», «Жүкті, босанатын және босанған әйелдердегі күрделі жағдайларды ескерту схемасы туралы» бұйрықтарына сәйкес бірқатар нәтижелі жұмыс істеп жатыр. Биыл №3 облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәрестелерге арналған екі неонаталды хирургиялық төсек қойылды. Осы орталықта катамнез кабинетін ашылып, сертификатталған неонатолог маманымен қамтамасыз етілді.

Облысымыздың неонатолог және педиатр, акушер-гинеколог дәрігерлері Санкт-Петербург қаласында біліктілігін арттырып қатты. Алдағы уақытта облыстық балалар ауруханасының базасында балалар кардиохирургиясының өңірлік орталығын ашу жоспарда тұр. Айта кетейін, Медико-демографиялық көрсеткіштер бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда – 2,4, ана өлім-жітімі 100 мың тірі туылғандарға шаққанда – 6,8, нәресте өлім көрсеткіші 1000 тірі туылғандарға шаққанда –  7,3, қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 100 адамға шаққанда 51,9, аурушаңдық көрсеткіші 986,4, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 100 адамға шаққанда 16,8, туберкулезден болатын өлім-жітім 100 адамға шаққанда 0,09 пайызды құрағап отыр» деді Асхан Байдуалиев.

Айта кетейік Облыстың Денсаулық сақтау басқармасы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасымен бірлесіп 2022 жылы «Jumys SmartNation»АЖ арқылы денсаулық сақтау ұйымдарындағы бизнес-процестерді автоматтандыру және цифрландыруды әзірлеген. 2023 жылдың басынан бастап медициналық ұйымдар орта медицина қызметкерлерін жұмысқа орналастыру кезінде осы «Jumys SmartNation» АЖ-не толық ауысуды және іске қосу жоспарланған болатын. Алайда,бүгінгі таңға дейін цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасымен белгісіз себептермен тоқтатылып тұр.

Емдеудің замануи тәсілдері мен түрлерін меңгеру, озық технологияларды игеру дәрігерлердің шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуын қажет ететіні сөзсіз. Алайда жергілікті бюджет есебінен бұл бастаманы қаржыландыру мәселесі қолдау таппай отыр.

Тағы бір мәселе 2023 жылдың 1 қаңтарынан Қылмыстық-атқару жүйесінде ұсталатын адамдарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету функциясы басқармаға жүктелген. Пеницитарлық жүйе мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетудің ерекшелігін ескере отырып, Министрліктің құрылымында бейінді департаменттерді, сондай ақ аймақтардың денсаулық сақтау басқармаларында ҚАЖ мекемелерінде медициналық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі бөлімдерді құру туралы  тапсырма берілген. Осыған орай, басқармаға ҚАЖ ұсталатын адамдарды медициналық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қосымша 3 штат бірлігі қажет болып тұр, - деді Асхан Байдуалиев.

Пернебай Сапаров

Серіктес жаңалықтары

Сараптама