Мәжіліс отырысына 20 шақты депутат қатыспаған
11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде Мәжілістің пленарлық отырысына қатысты. Тоқаев Мәжілістегі саяси партиялардың фракциялары жетекшілерінің алдында сөз сөйлеп, ҚР Премьер-министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылауға ұсынды.
Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, Үкіметтің жаңа басшысы тағайындалды.
Премьер-министр мен Үкіметтің жаңа мүшелерінің кандидатурасын бекіткен Мәжіліс отырысына бірқатар депутат қатысқан жоқ. Олардың қатарында Дариға Назарбаева да болды.
Мәжіліс баспасөз қызметінің хабарлауынша, денсаулығына байланысты отырысқа тек Дариға Назарбаева емес, 20-ға жуық депутат қатыспаған.
Дариға Назарбаеваның көмекшісі депутат Мәжіліс отырысына неге қатыспағанын айтты. Тіпті, депутат 5 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысына да қатыспаған.
Депутат денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін растаймын, өйткені ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Ол Қазақстанда, - деді Жанна Ермекова.
Еске салайық, 11 қаңтарда Қазақстанда Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді.
ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ