Halyq Uni логотип
×

Дариға Назарбаеваның Мәжіліс отырысына не себепті қатыспағаны айтылды

Мәжіліс отырысына 20 шақты депутат қатыспаған

Дариға Назарбаеваның Мәжіліс отырысына не себепті қатыспағаны айтылды
фото © Тұрар Қазанғапов

11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде Мәжілістің пленарлық отырысына қатысты. Тоқаев Мәжілістегі саяси партиялардың фракциялары жетекшілерінің алдында сөз сөйлеп, ҚР Премьер-министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылауға ұсынды.

Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, Үкіметтің жаңа басшысы тағайындалды.

Премьер-министр мен Үкіметтің жаңа мүшелерінің кандидатурасын бекіткен Мәжіліс отырысына бірқатар депутат қатысқан жоқ. Олардың қатарында Дариға Назарбаева да болды.

Мәжіліс баспасөз қызметінің хабарлауынша, денсаулығына байланысты отырысқа тек Дариға Назарбаева емес, 20-ға жуық депутат қатыспаған.

Дариға Назарбаеваның көмекшісі депутат Мәжіліс отырысына неге қатыспағанын айтты. Тіпті, депутат 5 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысына да қатыспаған.

Депутат денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін растаймын, өйткені ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Ол Қазақстанда, - деді Жанна Ермекова.

Еске салайық, 11 қаңтарда Қазақстанда Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. 

ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ

  • Әлихан Смайылов – Премьер-министр;
  • Роман Скляр – Премьер-министрдің бірінші орынбасары;
  • Ералы Тоғжанов – Премьер-министрдің орынбасары;
  • Мұхтар Тілеуберді – Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
  • Бақыт Сұлтанов – Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;
  • Ғалымжан Қойшыбаев – Премьер-министр кеңсесінің басшысы;
  • Мұрат Бектанов – Қорғаныс министрі;
  • Ерлан Тұрғымбаев – Ішкі істер министрі;
  • Асқар Омаров – Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
  • Ербол Қарашөкеев – Ауыл шаруашылығы министрі;
  • Қанат Мусин – Әділет министрі;
  • Асхат Аймағамбетов – Білім және ғылым министрі;
  • Ажар Ғиният – Денсаулық сақтау министрі;
  • Серік Шәпкенов – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • Қайырбек Өскенбаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
  • Ерұлан Жамаубаев – Қаржы министрі;
  • Дәурен Абаев – Мәдениет және спорт министрі;
  • Юрий Викторович Ильин – Төтенше жағдайлар министрі;
  • Әлібек Сакенұлы Қуантыров –  Ұлттық экономика министрі;
  • Бағдат Мусин – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
  • Серікқали Брекешев – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
  • Болат Ақшолақов – Энергетика министрі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама