Halyq Uni логотип
×

АЭС құрылысы басталғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды

Бейнежазбада көрсетілген нысан ЖЭС құрылысы кезінде салынған

 Динара Амантай 30.09.2024 | 16:32
АЭС құрылысы басталғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды
Фото: Halyq Uni

Алматы облысы әкімдігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өңірдегі Үлкен ауылында атом электр станциясының құрылысы басталғаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бейнероликте, болжам бойынша, «Google Maps» онлайн сервисы арқылы құрылыс объектілері көрсетіледі. Ондағы нысандардың Атом электр стансасы екені шындыққа жанаспайды. Бейнежазбада көрсетілген нысан – 2011 жылы Балқаш жылу электр орталығы (ЖЭС) құрылысы жобасын іске асыру кезінде салынған инфрақұрылым. Жоба көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясының құрылысын қамтыды. Жоба аясында тиісті инфрақұрылымның, соның ішінде жұмысшыларға арналған тұрғын кенттің құрылысы басталды, – делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ, 2014 жылы «Балқаш жылу электр орталығы» жобасы тоқтатылғаны хабарланды.

Онлайн-сервистің картографиялық деректеріне түзетулер енгізу және жалған ақпараттың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (ЦДИАӨМ) өтінім жіберілді, – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама