15-17 жастағы жасөсірімдер арасында өзіне қол салу жиі тіркеледі
Елімізде суицид дерегінің жиі тіркелуіне байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев биыл суицид белгісі бар 43 интернет ресурс анықталып, Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұғаттауға жіберілгенін айтты. Ол адамның неге өзіне қол салғаны тек тергеу барысында анықталатынын атап өтті.
Суицид жасау мен оған оқталудың 14 дерегінде кәмелетке толмағандар мас күйде болған, ал бір жағдайда жасөспірім есірткі тұтынған. Талдау барысында 15-17 жас аралығындағы, яғни өтпелі кезеңдегі жөспірімдер суицид жасайтыны анықталды, - деді ресми өкіл.
Шыңғыс Алекешев Қазақстанда суицид дерегінің жиілеуіне байланысты ата-аналарға үндеу жасады:
Жалпы әрбір суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Кәмәлетке толмағандардың өзіне қол жұмсауына ықпал ететін себептер анықталып, олар зерделенді, - деді ресми өкіл.
Шыңғыс Алекешев себептер төмендегідей екенін жеткізді: