Halyq Uni логотип
×

Қазақстандық компания революциялық технологияларды іске асыратын келісім жасады

Келісім елімізде Blockchain, Web3, Fintech технологияларын енгізуге жол ашады

 Ербол Тұрымбет 30.09.2024 | 16:14
Қазақстандық компания революциялық технологияларды іске асыратын келісім жасады
Коллаж: Halyq Uni

Jasaim Blockchain қазақстандық жетекші блокчейн-компания елімізде және Орталық Азияның басқа да елдерінде Blockchain, Web3 және Fintech озық технологияларын енгізу мақсатында Гонконгта орналасқан Laboratory for AI-Powered Financial Technologies компаниясымен стратегиялық әріптестік басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Компания мәлімдеуінше, AIFT-мен арадағы ынтымақтастық озық технологияларды қолдану және ғылыми жетістіктерді ел экономикасына интеграциялау үшін Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер береді. AIFT финтех және блокчейн саласындағы зерттеулерге арналған жетекші платформа ретінде Қазақстанға өзінің инновациялық шешімдеріне қол жеткізуге жол ашады. Бұл білім беру, қаржы және активтерді басқару сияқты секторлардағы цифрлық трансформация процесін айтарлықтай жылдамдатуы мүмкін.

Jasaim Blockchain – цифрлық активтер және орталықтандырылмаған технологиялар саласындағы шешімдерді әзірлеуге маманданған қазақстандық блокчейн-компания. Diplomas сияқты компанияның негізгі жобалары білім беру және мемлекеттік қызметтер саласындағы цифрлық трансформацияға ықпал етеді.

Жасанды интеллект негізіндегі қаржылық технологиялар зертханасы (AIFT) — инновациялық зерттеулер жүргізу, таланттарды дамыту және технологиялық қосымшаларды коммерцияландыру мақсатында Гонконг қалалық университеті мен Колумбия университеті бірлесіп құрған инновациялық ғылыми-зерттеу және технологиялық орталық.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама