Қазақстан тағы бір халықаралық теміржол қатынасын іске қосады

Динара Амантай

Шығыс қазақстандықтардың үндеуі елеусіз қалмады

Фото: Halyq Uni

Қазақстанның Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі «Риддер-Новосибирск» халықаралық теміржол қатынасын қалпына келтіру туралы келісімге келді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, пойыздар биыл 18 желтоқсанынан бастап төрт күнде бір рет жүре бастайды.

«Ресей темір жолдары» АҚ қызмет көрсететін №407/408 «Риддер-Новосибирск» халықаралық пойызы 250 жолаушыға арналған 6 вагоннан (3 купе, 3 плацкарт) тұрады. Осылайша Шығыс қазақстандықтардың үндеуі елеусіз қалмады, – делінген министрлік хабарламасында.

Аталған пойыз ауаны баптау және бейнебақылау жүйелерімен, биоәжетхана кешендерімен, розеткалармен, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қуаттауға арналған USB порттарымен және әр орынның жанында жеке жарықтандырумен жабдықталған.