Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында медицина қызметкерлеріне 2,3 млн теңге өтемақы төленді

Оларға еңбек демалысы толық көлемде берілмеген

 Динара Амантай 30.09.2024 | 15:55
Қостанай облысында медицина қызметкерлеріне 2,3 млн теңге өтемақы төленді
Фото: Halyq Uni

Қостанай облысында медицина қызметкерлеріне 2,3 млн теңге өтемақы төленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Аудандық прокуратура «Науырзым аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің еңбек құқығының сақталуына талдау жүргізді.

Салалық келісім талаптарын сақтамау, атап айтқанда, еңбек демалысын толық көлемде ұсынбау арқылы медициналық қызметкерлердің конституциялық құқығын бұзу фактілері анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық ден қою шараларымен 54 қызметкерге 2,3 млн теңге өтемақы төлемдері өтелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама