Halyq Uni логотип
×

Медициналық терминдерді қазақшаға аудару мәселесі талқыланды

Оларды біріздендіру бойынша нақты талаптар қарастырылды

 Динара Амантай 30.09.2024 | 15:02
Медициналық терминдерді қазақшаға аудару мәселесі талқыланды
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Астанада «Жалпы медицина, оның ішінде травматология және ортопедия саласындағы терминология мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

ДСМ ақпаратына сәйкес, «Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК-да өткен іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының 15-тармағын іске асыру және медицина терминдерінің қазақ тілінде қалыптасуы, травматология мен ортопедия терминдерінің аударылу тәсілдері мен қолданысы, терминдерге тән талаптарды сақтау бойынша тәжірибе алмасу.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік тілді нығайту, медициналық терминдердің қазақшаға аударылуы, оларды біріздендіру бойынша нақты талаптарды талқылады.

Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының директоры О.С.Бекарисов медициналық терминологияны біріздендіру Қазақстанда мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

Іс-шарада медициналық терминологияны біріздендіруге қатысты көптеген мәселелерді қамтитын баяндамалар ұсынылды. Сарапшылар анатомиялық терминдерді қазақ тіліне аудару мен стандарттаудың күрделілігін талқылады, сондай-ақ травматология және ортопедия саласындағы терминдерді аудару кезінде жиі кездесетін қателіктерді жою бойынша ұсыныстар әзірледі. Тірек-қимыл аппаратының ауруларын сипаттайтын терминдерді дәл саралаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, қатысушылар медициналық терминологияның қазіргі даму тенденцияларын және олардың практикалық медицинаға әсерін талқылады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар медицина және лингвистика саласындағы мамандардың бірлесіп, травматологиясы мен ортопедия саласында бірыңғай және дәл терминологиялық жүйені құруға болатынына сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама