Астанада әкімшілік ғимарат өртенді
Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді
Дәурен Ерболат
30.09.2024 | 14:14
Елордада әкімшілік ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, Керей Жәнібек хандар көшесіндегі әкімшілік ғимарат өртенген. 4-қабаттағы зертхананың қоймасында қағаз, сөрелер мен реагенттер жанған. Өрттің ауданы – 7 шаршы метр. Мамандар өртті сөндірді.
Нысандағы адамдар алдын ала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.