Halyq Uni логотип
×

ШҚО-да туристік орындарға апаратын жолдар жөнделеді

400 шақырымға жуық учасек қалпына келтіріледі

 Динара Амантай 30.09.2024 | 14:32
ШҚО-да туристік орындарға апаратын жолдар жөнделеді
Фото: "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі

2025 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында өнеркәсіп орталықтары мен туристік нысандарға апаратын 400 шақырымға жуық жол қалпына келтіріледі. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев облыс тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мемлекет басшысы республика бойынша кемінде 10 мың шақырым жолды қамту үшін орташа жөндеу бағдарламасын кеңейтуді тапсырды. Сапа – басты басымдық. Барлық өңірде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін жолдар анықталды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп орталықтарына апаратын жолдар: яғни Алтайға, Шемонаихаға, Серебрянскқа апаратын жолдар жөнделеді. Сондай-ақ, Марқакөл, Рахманов бұлағы және Катонқарағай туристік нысандарына апаратын жолдар да жөндеуден өтеді, – деді министр.

Сонымен қатар, биылдан бастап Өскемен мен Семей қалаларын байланыстыратын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жол 2026 жылға дейін толық жөнделеді. Мамандар қазірдің өзінде бірқатар учаскені жөнделіп жатыр (Таврическое ауылы мен Ново-Азовское ауылына бұрылыс), қалғандары 2025-2026 жылдары қамтылады. Сондай-ақ, келесі жылы Катонқарағай ауданы мен Марқакөл өңірін байланыстыратын Ескі австриялық жолы орташа жөндеуден өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама