Елімізде 20 млн тонна астық бастырылды

Дәурен Ерболат

Биыл көктемгі егіске және егін жинауға 580 млрд теңге бөлінді

Фото: Halyq Uni

Бүгінде Қазақстанда 20 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазіргі таңда 13,6 млн га дақыл жиналып, 20 млн тоннадан астам астық бастырылды. Орташа өнімділік – 14,8 ц/га.

  • 10,7 млн га алқапта бидай жиналды, өнімділік – 14,2 ц/га. 15,2 млн тонна бидай бастырылды.
  • 1,9 млн га арпа жиналды, өнімділік – 16,7 ц/г, 3,3 млн тонна арпа бастырылды.
  • Сұлы – 158,2 мың га, өнімділік – 15,8 ц/га, 250 мың тонна сұл бастырылды.
  • Майлы дақылдар 494 мың га алқаптан жиналды, орташа түсімділік – 11,5 ц/га, 568 мың тонна майлы дақыл бастырылды.

95 мың га алқаптан картоп жиналды, өнімділік – 233,8 ц/га, 2,2 млн тоннаға жуық картоп жиналды. 100,1 мың га көкөніс дақылы жиналды, өнімділік – 248,2 ц/га, 2,4 млн тоннадан асатын көкөніс дақылы жиналды. 97,8 мың га алқаптан бақша дақылы жиналды, өнімділік – 264,1 ц/га, жалпы түсім 5 млн тоннадан асты, - деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, егінді жинауға 149,9 мың трактор, 37,6 мың комбайн, 14,9 мың дестелегіш тартылды.