Елімізде 20 млн тонна астық бастырылды
Биыл көктемгі егіске және егін жинауға 580 млрд теңге бөлінді
Бүгінде Қазақстанда 20 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазіргі таңда 13,6 млн га дақыл жиналып, 20 млн тоннадан астам астық бастырылды. Орташа өнімділік – 14,8 ц/га.
- 10,7 млн га алқапта бидай жиналды, өнімділік – 14,2 ц/га. 15,2 млн тонна бидай бастырылды.
- 1,9 млн га арпа жиналды, өнімділік – 16,7 ц/г, 3,3 млн тонна арпа бастырылды.
- Сұлы – 158,2 мың га, өнімділік – 15,8 ц/га, 250 мың тонна сұл бастырылды.
- Майлы дақылдар 494 мың га алқаптан жиналды, орташа түсімділік – 11,5 ц/га, 568 мың тонна майлы дақыл бастырылды.
95 мың га алқаптан картоп жиналды, өнімділік – 233,8 ц/га, 2,2 млн тоннаға жуық картоп жиналды. 100,1 мың га көкөніс дақылы жиналды, өнімділік – 248,2 ц/га, 2,4 млн тоннадан асатын көкөніс дақылы жиналды. 97,8 мың га алқаптан бақша дақылы жиналды, өнімділік – 264,1 ц/га, жалпы түсім 5 млн тоннадан асты, - деп жазылған Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, егінді жинауға 149,9 мың трактор, 37,6 мың комбайн, 14,9 мың дестелегіш тартылды.