Кеңес құрғақшылық пен су тасқыны сияқты табиғи апаттарға төзімділікті арттыруды көздейді
Қазақстанда су секторын дамыту бойынша серіктестердің үйлестіру кеңесі құрылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, оған ведомствоның, БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) және басқа да халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, донорлық қауымдастықтардың және басқа да бірқатар құрылымдардың өкілдері кіреді.
Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:
Үйлестіру кеңесін құру – Қазақстанның су секторы үшін маңызды қадам. Кеңес министрліктің, халықаралық ұйымдардың және донорлық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіре отырып, елдегі ұзақ мерзімді экологиялық тұрақтылық пен экономикалық дамуды ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Үйлестіру кеңесі ресурстарды жұмылдыруға, басқаруды нығайтуға, өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуге және су ресурстарын басқаруда тұрақты тәжірибелерді ілгерілетуге ықпал ететін болады. Ұжымдық күш–жігер күн сайын өзектілігі артып жатқан климаттық сын-қатерлерді шешуде және Қазақстан мен жалпы Орталық Азия үшін тұрақты болашақты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.