Halyq Uni логотип
×

Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды

Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Динара Амантай 30.09.2024 | 12:26
Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды
Фото: видеодан скриншот

Аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

2023 жылдың маусымында жол полициясы қызметкерлері Астана қаласында жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында күдікті басқарған автокөлікті тоқтатып, оның салонында жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 «мефедрон» байламдары табылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасының таңдалғанын пайдаланып, қаскүнем тергеуден жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. Биыл қаңтарда күдікті Грузия аумағында ұсталды. Қазір ол Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Күдікті айыпталған қылмысы үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама