Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 30.09.2024 | 09:56
Жамбыл облысында мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы ауылында 2 қабатты мейрамхана өртеніп, 250 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, екі қабатты мейрамхананың шатыры жанып, 400 шаршы метр алаңдағы 2-ші қабаттың шағын залына көшкен. Оқиға орнында ТЖД бастығының басқаруымен өрт сөндіру штабы құрылды.

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 60-қа жуық адам, жедел құтқару жасағы, АМО, ТДЖ психологтары және 12 техника жұмылдырылды, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт салдарынан 4 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның біреуі ауруханаға жатқызылып, көмірқышқыл газымен уланған үш адам дәрігерлердің бақылауына алынды.

✅Өрттің себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама