Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

Динара Амантай

Президент тиісті өкімге қол қойды

Фото: Қорғаныс минис

Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Дәурен Қосанов 1969 жылы 14 қазанда ҚазКСР, Павлодар облысы, Краснокут ауданы, Новотроицкое ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, 2005 жылы Ю. А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын бітірген2013 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын бітірген.

Мансап:

  • Үшарал жауынгерлік полкіндегі қызмет;
  • Талдықорғандағы «Су-27» эскадрильясының командирі;
  • Қарағанды авиабазасы штабының бастығы;
  • Шымкент авиабазасының командирі;
  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;
  • Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры;
  • 2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды

«Әскери ұшқыш мерген», II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.