Оқиғаның қалай болғаны айтылды
Төтенше жағдайлар министрлігі өткен тәуліктегі тұрғын үй секторындағы өрттерге шолу жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Министрлік мәліметінше, бір тәулік ішінде өрт сөндірушілер Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында тұрғын үй секторларында 9 от ошағын жойды.
ТЖМ күштері 3 шаруашылық құрылыстың, 3 жеке тұрғын үйдің және 3 моншаның жануын сөндірді, – деп қосты ведомство.
Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылында жалынды сөндіру кезінде 1984 жылы туған үй иесінің денесі табылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі отты сөндіруден гөрі алдын алу оңай екенін еске салады.