×

Елордада жарылыс болды (ВИДЕО)

Оқиға салдары белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 28.09.2024 | 17:29
видеодан скриншот: ТЖМ

Астанада Алматы ауданында Ақыртас көшесінің бойында 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылып, салдарынан ғимарат қирап, жанды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қирау алаңы шамамен 60 шаршы метрді, өрт алаңы 15 шаршы метрді құрады. От сөндірілді.

Алты адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. ТЖМ күштері көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Оқиға орнында министрлік қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп қосты ведомство.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар, деп ескертті мамандар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама