×

Елімізде ChatGPT пайдалану бойынша тегін курс іске қосылды

Жасанды интеллект онлайн оқытылады

 Қымбат Елтайқызы 28.09.2024 | 17:00
коллаж: Halyq Uni

Astana Hub ChatGPT пайдалануға бағытталған жасанды интеллект бойынша тегін онлайн курстың басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Курсты Lerna серіктестігі әзірлеген және өнімділікті арттырғысы, күнделікті процестерді автоматтандырып, бизнесте әрі күнделікті өмірде нейрондық желілерді пайдалану жайлы жаңа білім алғысы келетін кез келген адамға арналған.

«51 бейне сабақ пен 4 модульді қамтитын «AI негіздері: ChatGPT» курсынан Skillbox білім беру платформасында ақысыз өтуге болады. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қатысу үшін Astana Hub платформасында немесе технопарктің мобильді қосымшасы арқылы тіркелу жеткілікті», – деп қосты Astana Hub.

Курс ChatGPT пайдаланудың әртүрлі аспектісін қамтиды, соның ішінде:

  • Нейрондық желілердің негіздері, олардың мүмкіндіктері әрі шектеулері;
  • Дәл және пайдалы нәтижелерді алу үшін тиімді сұраулар жасау;
  • Жұмыстағы әрі жеке процестердегі күнделікті тапсырмаларды автоматтандыру үшін ChatGPT пайдалану.

Тренинг барысында пайдаланушылар:

  • Нейрондық желілермен жұмыс істеу негіздерін меңгереді;
  • Қажетті нәтижелерді алу үшін сұраулар жасауды үйренеді;
  • Мазмұн жасау, кодтау, маркетинг пен т.б. сияқты күнделікті және кәсіби тапсырмаларға дағдылар қалыптастырады.

Бұл «AI негіздері: ChatGPT» онлайн курсы Қазақстанда жасанды интеллектті (AI) дамытуға бағытталған AI Movement ауқымды бастамасының бөлігі ретінде жүзеге асып жатыр. Мемлекет басшысы Жолдауында «Қазақстан жасанды интеллект кеңінен қолданылатын әрі цифрлық технологиялар дамыған елге айналуы тиіс» деген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама