Тағы бір жантүршігерлік оқиға болды
Атырауда жаяу жүргіншілер көпірінен суға секірген адам құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бүгін 112 желісіне Атырау қаласы Тұрғындар ықшам ауданында жаяу жүргіншілер көпірінен белгісіз адамның суға секіріп кеткендігі жөнінде хабарлама түсті, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Шақырту орнына жедел жеткен құтқарушылар адамды судан шығарып, қайық үстінде алғашқы көмек көрсетіп есін жидырды. Құтқарылған адам жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталды, – деп қосты ведомство.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел түрде 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар, деп ескертті мамандар.