×

Түркістан облысында Тоқаевтың кортежі жүретін жолдың бойынан қару-жарақ табылды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Халық үні 27.09.2024 | 22:00
фото: dzen.ru

ІІМ мәліметінше, бүгін біреулер президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық жасамақ болған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мемлекет басшысының Түркістан облысындағы кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері оқ атылатын қару қоймасын анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір барлық мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне орай, өзге ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама