Нысан Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысы бойынша орнатылған
Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлады.
Жағалаудағы демалушылар «Итбалық» сәулет нысаны бүліне бастағанын байқаған.
Сыртқы көрінісіне қарасақ, сәулет нысаны өте әлсіз. Ата-аналар балаларына өрмелеп, секіруге қалай рұқсат беретінін түсіне алмаймын. Тағы біраз уақыттан кейін бұл нысанды есептен шығара беруге болады. Бұл — көрнекті орын, оған дұрыстап қарау керек, — деді жергілікті тұрғын Бауыржан.
Қалалық әкімдік мәліметінше, нысанды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысы бойынша Clover Media ЖШС орнатқан. Мердігерге кемшіліктерді түзету тапсырылған.
Сәулет нысаны Ақтау жағалауында 2022 жылғы қаңтардың аяғында орнатылған болатын.