×

Ақтау жағалауындағы «Итбалық» нысаны бүліне бастады

Нысан Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысы бойынша орнатылған

 Халық үні 12.06.2022 | 12:58
Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлады.

Жағалаудағы демалушылар «Итбалық» сәулет нысаны бүліне бастағанын байқаған.

Сыртқы көрінісіне қарасақ, сәулет нысаны өте әлсіз. Ата-аналар балаларына өрмелеп, секіруге қалай рұқсат беретінін түсіне алмаймын. Тағы біраз уақыттан кейін бұл нысанды есептен шығара беруге болады. Бұл — көрнекті орын, оған дұрыстап қарау керек, — деді жергілікті тұрғын Бауыржан.

 

Қалалық әкімдік мәліметінше, нысанды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысы бойынша Clover Media ЖШС орнатқан. Мердігерге кемшіліктерді түзету тапсырылған.

Сәулет нысаны Ақтау жағалауында 2022 жылғы қаңтардың аяғында орнатылған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама