Жұмыс беруші компанияға айыппұл салынды
Ақтөбеде заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер елден шығарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлері Темір ауданындағы мұнай-газ кен орындарының бірінде рейдтік іс-шаралар өткізу барысында еңбек қызметін заңсыз іске асырған шетелдіктерді анықтады.
Орнату жұмыстарымен айналысқан Қытай Халық Республикасының бес азаматының жұмыс жасауға рұқсаты болмады. Сот шешімімен шетелдіктер елден шығарылды, – делінген полиция хабарламасында.
Бұған қоса шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген компанияға 700 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.