×

Теміртауда алименттен жалтарғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Іс материалдары сотқа жіберілді

 Динара Амантай 27.09.2024 | 16:14
Фото: Halyq Uni

Теміртауда алименттен жалтарған екі адамға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокуратураның мәліметінше, олардың жалпы қарызы 5,2 миллион теңге болған.

Қала прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы («Балаға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасады. Іс материалдары сотқа жіберілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сот екі борышкерге де пробациялық бақылау орната отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, 2024 жылы енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша тағы үш қылмыстық іс тіркелді. Олар қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында. 2023 жылдан бері Теміртау қаласында алимент төлемеген 43 азамат Әкімшілік кодекстің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және қала прокуратурасының бақылауында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама