ШҚО-да үй өртеніп, бір адам зардап шекті
Ол ауруханаға жатқызылды
Шығыс Қазақстан облысында үй өртеніп, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Ұлан ауданы Ұлан кентінде жеке тұрғын үйдің өрттенген.
Үй иесі өртті өз бетінше сөндіруге тырысып, қымбат уақытты жоғалтып, өртке төтеп бере алмайтынын түсінген кезде ғана құтқару қызметінің көмегіне жүгінген.
Өрт сөндірушілер шақыру орнына жедел келіп, отқа оранған үйден 3 газ балонын шығарып, өртті 110 шаршы метр алаңда сөндірді, – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт кезінде үйдің 1975 жылы туған иесін күйік шалып, ол ауруханаға жатқызылды.