Halyq Uni логотип
×

Алматы облысы тұрғыны табылған қаруды сақтағаны үшін сотталды

Оның кінәсі толық дәлелденді

 Динара Амантай 27.09.2024 | 14:02
Алматы облысы тұрғыны табылған қаруды сақтағаны үшін сотталды
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында мал жайып жүріп тауып алған қаруын үйінде сақтаған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сотта анықталғандай, 5 шілдеде сотталушы атқа отырып, Райымбек ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты «Аққөл» жайлауында мал жайып жүрген кезінде, ін аузынан шығып тұрған ақ түсті қапты көрген. Қаптың ішінде ешбір құжатсыз «ВЕПРЬ-308» және «ТОЗ-8» маркалы қаруларын, 308 win калибрлі және 5,6 калибрлі қарулардың оқ-дәрілерін тауып алған. Сотталушы қапты атына жүктеп, Қаратоған ауылына апарып, өз тұрғын үйінде заңсыз сақтаған.

Сотталушының кінәсі іс-материалдармен: куәлардың айғақтарымен және сотта расталған басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген.

Сот сотталушының өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама