×

Шымкент әкімдігі зауыт салғысы келген инвесторға жер бермеген

Шенеунік жауапқа тартырды

 Дәурен Ерболат 27.09.2024 | 12:56
Фото: Шымкент прокуратурасы

Шымкент қаласының прокуратурасы түрік инвесторының құқығын қорғады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Прокуратура 150-ден астам жұмыс орнын ашып, құны 3,2 млрд теңгеден асатын кондитерлік зауыт салу жобасын іске асырып жатқан түрік инвесторының мүддесін қорғады.

2 ай бойы әкімдік индустриялық аймақтытық қатысушысына жер бөлу туралы шешім қабылдамаған. Бұл инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажет инвестордың техникалық шарттар мен басқа да құжаттарды алуына кедергі болған.

Прокуратураның қадағалау актісіне сәйкес әкімдік жер учаскесін бөлу туралы қаулы шығарды. Сондай-ақ инвесторға сәулет-жоспарлау тапсырмасын және эскиздік жобаны алуға көмек көрсетілді, - деп жазылған хабарламада.

Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары кінәлі деп танылып, тәртіптік жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама