Жөнелтілімдермен тасымалдау үшін 31 құрам ұйымдастырылды
Соңғы үш жылда ҚХР-ға астық жүктерінің экспорты 5,7 есе өсті, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының деректері бойынша, жыл басынан бері астықпен 582 маршруттық пойыз құрылып, жөнелтілді: 551 экспресс-пойыз астық жүктерін Қытайға, Түркменстанға, Иранға, Ресейге, Өзбекстанға жеткізді.
Ел бойынша астық жүктерін маршруттық жөнелтілімдермен тасымалдау үшін 31 құрам ұйымдастырылды.