Президент кесене аумағында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды.
Мемлекет басшысы сапар аясында аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көреді. Сондай-ақ бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысады.