×

Қазақстан мен Ресей архив саласындағы ынтымақтастықты дамытады

Бірлескен құжаттар жинағын дайындау барысы талқыланды

 Динара Амантай 27.09.2024 | 11:54
Фото: Halyq Uni

Қазақстан мен Ресей архив саласындағы ынтымақтастықты дамытып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Петропавлда Архив ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының V отырысы өтті. Басқосуда екі елдің өкілдері архив саласының жай-күйі, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен құжаттар жинағын дайындау барысын талқылады.

Жиында Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтауын оқыды. Құттықтау хатта министр екі мемлекеттің архивтік материалдары тарихшылар мен зерттеушілер үшін үлкен маңызға ие екенін және комиссияның міндеті осы дереккөздерге қол жеткізуді қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Отырыс аясында қазақстандық және ресейлік архившілердің дайындаған «Қазақстан мен Ресейдегі ашаршылық.1927-1934 жж.» құжаттар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама