×

Түркістан облысында мал ұрлығы азайды

150-ден аса жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған

 Динара Амантай 27.09.2024 | 10:48
Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында биыл мал ұрлығының тіркелімі 43 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен кездесуде тұрғындар Қарабұлақтағы мал сою орындарында санитарлық талаптардың сақталмайтынын, соның салдарынан ауру тарап жатқанын айтып, дабыл қақты. Тұрғындардың арыз-шағымын басшылыққа алған алған облыс әкімі Сайрам ауданындағы келеңсіздіктерді жою бағытында бірқатар тапсырма берді. Нәтижесінде аудандық прокуратура, полиция, жергілікті ветеринария қызметі мен басқа да тиісті сала мамандарынан арнайы топ құрылды. Осы блок-бекеттерге бөлінген тәртіп сақшылары күні-түні төлқұжаты жоқ төрт түліктерді, оларды тасымалдаушыларды, сатып алушыларды анықтап жатыр. Ет және ет өнімдерін тасымалдау кезіндегі санитарлық талаптардың сақталуын бақылауда.

Осылайша, блок-бекеттегі полиция қызметкерлері 245 көлікті тексеріп, уақытша оқшаулау орындарына 513 бас ірі қара мал, 115 жылқы және 879 бас ұсақ мал орналастырылды. Сондай-ақ құжатсыз мал тасымалдаған 151 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар ҚР ІІМ-нің «Мүлікті қорғау жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жоспарына сәйкес» полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық, рейдтік іс-шаралар жүргізіп, блок-бекеттерде бақылауды күшейтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама