Жол-көлік оқиғасы көбінесе Астанада тіркелген
Жыл басынан бері шамамен 1500 қазақстандық көлік апатынан қаза тапты, деп хабарлайды 24kz телеарнасы.
Биыл 15 862 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 92%-ға артық. Тас жолда 21 803 адам зардап шеккен. Оның 1480-і көз жұмды.
Көлік апатының басым бөлігі Астанада тіркелген. Мұнда 8 айда 3 485 адам зардап шеккен. Шымкент қаласында – 1342 адам, Алматыда – 2 502 адам, Жамбыл облысында 1 712 адам жол-көлік оқиғасына ұшыраған.