Halyq Uni логотип
×

СҚО-да тағы 141 ауыл таратылады

Бюджет қаражатын болашағы бар елді мекендерге шоғырландырған маңызды

 Халық үні 27.09.2024 | 07:45
СҚО-да тағы 141 ауыл таратылады
фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев өңірдегі бірнеше ауыл таратылатынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 59 ауылда 77 жобаны іске асыруға 14 млрд теңгеге жуық, оның ішінде шекарадағы 15 ауылға 27 жобаны іске асыру үшін 7 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. Жобаны іске асыру 160 мыңнан аса ауыл тұрғынын және 1,1 мыңнан аса жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. 2027 жылға дейін жыл сайын кемінде 50 ауылды модернизациялау жоспарланып отыр, - деді әкімнің орынбасары Қанат Дүзелбаев.

Бұл ретте ол кейбір әкімшілік бірліктер ауыл санатына сәйкес келмейтінін айтты.

Әкімшілік-аумақтық құрылымды реттейтін заңнамаға сәйкес, ауыл санатына халқының саны 50 адамнан кем емес елді мекендер кіреді. Ал облыста 50 адамнан аз тұрғыны бар 141 ауыл бар. Оның ішінде 45 ауылдың халқы – 10 адамнан аз, 7 ауылдың халқы жоқ. Олар сәйкесінше таратылуға жатады. Бүгінде ол ауылдарды тарату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл басқару сапасын жақсартуға және бюджет қаражатын болашағы бар елді мекендерге шоғырландыруға септігін тигізеді, - деп түсіндірді Қанат Дүзелбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде 20 жылда 1 400-ден аса ауылдың жабылғанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама