Қазақстандық боксшы WBO титулы үшін жекпе-жекте қарсыласын нокаутқа түсірді

Халық үні

Орта салмақтағы WBO International белбеуі сарапқа салынған жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған

Фото: ашық дереккөздерден

Ақтауда өткен бокс кешінде қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов титулдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) аргентиналық Себастьян Орасио Папескимен (18-3, 6 КО) жұдырықтасты.

Орта салмақтағы WBO International белбеуі сарапқа салынған жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Бірақ бесінші раундта Мейірім қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов спорттық мансабында 17-ші жеңісіне қол жеткізіп, WBO белбеуін сәтті қорғады. Ал аргентиналық боксшы осымен төртінші мәрте жеңіліс тапты.