×

Атырауда 2 жасар бала терезеден құлап кетті

Бүлдіршін ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді

 Дәурен Ерболат 26.09.2024 | 17:17
Фото: Halyq Uni

Атырауда 2 жастағы бала төрт қабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды azh.kz.

Оқыс оқиға 26 қыркүйекте сағат 12:50-де Нұрсая ықшамауданындағы «Модерн сити» тұрғын үй кешенінде болған. Онда 2 жасар бала терезеден құлап кеткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі барған. Бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.

Айта кетейік, биыл Атырауда 9 бала терезеден құлап кеткен. Оның екеуі қайтыс болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама