Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысының прокурорлары 500-ге жуық істі тоқтатты

Көптеген заңбұзушылық анықталды

 Қымбат Елтайқызы 26.09.2024 | 18:00
Қарағанды облысының прокурорлары 500-ге жуық істі тоқтатты
фото: Қарағанды облысының прокуратурасы

Қарағанды облыстық прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Өңір прокуроры Бауыржан Мырзакеров сотқа дейінгі тергеп-тексерудің сапасына қатысты алқа отырысын өткізді, деп мәлімдеді аймақ прокуратурасы.

Прокурорлар қылмыскерлердің жауапкершіліктен жалтаруының 30 фактісінің алдын алды. Бұл істер сотқа жолданып, кінәлілер жазаланды. Тексеру барысында қылмыстық қудалау органдары жасырған 69 қылмыс анықталып, 30 іс бойынша іс-әрекеттерді жеңіл дәрежеде саралап тергеуге жол берілген жоқ, – деп қосты ведомство.

Уақытша ұстау изоляторлары мен қызметтік кабинеттерден босату жолымен 52 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды. Қатаң қадағалау шараларының арқасында прокурорлар 469 істі тоқтатып, субъектілерді қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тартудың алдын алды. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 40 қызметкер, оның ішінде 8 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Отырыс қорытындысы бойынша ұйымдастыру-практикалық шаралар қабылданып, қылмыстық қудалау органдарына нақты тапсырмалар берілді. Қылмысқа қарсы күрес және азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама