Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде 18 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды

Облыста 107 тексеру жүргізілді

 Динара Амантай 26.09.2024 | 17:35
Ақтөбеде 18 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды
Фото: Halyq Uni

Ақтөбеде 18 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның айтуынша, биылғы кезеңде Ақтөбе облысында 107 тексеру жүргізілген. Оның барысында жалпы 28,9 млрд теңге көлеміндегі қаражаттың мақсатты жұмсалуы тексерілді. Бұл ретте мамандар 18 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтарды анықтаған. Оның ішінде 17,9 млрд теңге тауар жеткізу, қызмет көрсету, жұмыс орындау және бухгалтерлік есеп жүргізу есебінен бюджетке қайтарылды.

Ержан Мыңжасаров білім беру саласындағы тексерулер туралы айтып, автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарын тексеру мәселесіне де тоқталды. Айтуынша, аталған мәселелер міндетті түрде тексеру жоспарларына енгізіледі.

Ведомство басшысы өңірлердегі автомобиль жолдарына қатысты мәселе тікелей президенттің қатаң бақылауында екенін және комитеттің облыстарда жол құрылысы бойынша бақылау мен тексерулер жүргізетінін атап өтті. Мысалы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы тексерулер бұл салада елеулі кемшіліктер мен бұзушылықтардың бар екенін көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама