Прокуратура есірткі қылмысына қарсы маркетплейстермен бірігіп күреседі
Меморандум шаһардағы қауіпсіздікті күшейтуді көздейді
Алматы қаласының прокуратурасы мен полициясы есірткі қылмысына қарсы маркетплейстермен бірігіп күреседі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қалалық прокуратура мен полиция «Яндекс Еда Казахстан» ЖШС-мен меморандумға қол қойды. Сондай-ақ «Озон маркетплейс Казахстан» компаниясымен ынтымақтастықты бастады.
Ынтымақтастық құқық бұзушылықтың алдын-алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуды көздейді.
Өзара іс-қимыл шеңберінде жарнаманы және тыйым салынған заттарды таратуды тоқтату көзделген. Аталған іс-шаралар Алматы тұрғындары үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.