Halyq Uni логотип
×

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау: қазақстандық мамандар мен студенттер геральдика мәселелерін талқылады

Әрбір ұсыныс назардан тыс қалмайтыны айтылды

 Динара Амантай 24.09.2024 | 15:15
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау: қазақстандық мамандар мен студенттер геральдика мәселелерін талқылады
Фото: @qazgeraldika.kz

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары мемлекеттік рәміздерді жастар арасында насихаттау аясында ЖОО студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздер халықтың негізгі құндылықтары мен мұратын айшықтап, әр азаматтың бойында еліне деген мақтанышын оятатынын айтқан. Бұл ретте әрбір қазақстандықтың, оның ішінде жастардың арасында мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптасыру міндеті жүктелген болатын.

Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Геральдикалық зерттеулер орталығында мемлекеттік нышандарды жас ұрпақтың арасында насихаттау бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Орталық мамандары Астанада орналасқан Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Геральдикалық зерттеулер орталығының бөлім басшысы Асылжан Бижанов жас тарихшыларға Геральдикалық зерттеулер бөлімінің зерттеу бағыттарын таныстырды.

Сондай-ақ 23 қыркүйекте Орталық мамандары аталмыш университетінің магистранттарымен «Геральдиканың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел форматында кездесу өткізді. Дөңгелек үстел барысында тарих білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары қазақ геральдикасына қатысты басты мәселелерді зерттеу ісінде жасанды интеллектпен жұмыс істейтін жас отандық ізденушілерге қолдау көрсету қажеттілігіне назар аударды.

Бұндай кездесулер мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерге қатысты мәселелерді талқылау арқылы жаңа идеялар, пайымды пікірлер алуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында айтылған әрбір ұсыныс назардан тыс қалмайтыны айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама