×

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Түркияда ұсталды

Әйел банк директорының орынбасары болған

 Динара Амантай 26.09.2024 | 13:02
Фото: polisia.kz

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған 42 жастағы әйелді Анталья қаласында ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.

2009 жылы ол Ақтау қаласындағы банктердің бірінің директорының орынбасары бола отырып, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген. Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған, – делінген полиция хабарламасында.

Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді. Қазір ол қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама