309 ата-ананың құқығы қорғалды
Қостанай облысы Қарабалық ауданында балабақшалардағы тамақтану бағалары негізсіз көтерілген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Балабақшаларда ата-аналық төлем мөлшерін қалыптастыру кезінде жекелеген азық-түлік өнімдерінің бағалары жоғары бағамен ескерілген, ал жекелеген өнімдер мүлдем сатып алынбаған. Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, бағалар өзгертілді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Балабақшалардағы тамақтану құны 2 мың теңгеге төмендетіліп, 309 ата-ананың құқығы қорғалды.