Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында балабақшалардағы тамақтану ақысы негізсіз көтерілген

309 ата-ананың құқығы қорғалды

 Динара Амантай 26.09.2024 | 11:46
Қостанай облысында балабақшалардағы тамақтану ақысы негізсіз көтерілген
Фото: t.me/aqorda_resmi

Қостанай облысы Қарабалық ауданында балабақшалардағы тамақтану бағалары негізсіз көтерілген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Балабақшаларда ата-аналық төлем мөлшерін қалыптастыру кезінде жекелеген азық-түлік өнімдерінің бағалары жоғары бағамен ескерілген, ал жекелеген өнімдер мүлдем сатып алынбаған.  Қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылып, бағалар өзгертілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Балабақшалардағы тамақтану құны 2 мың теңгеге төмендетіліп, 309 ата-ананың құқығы қорғалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама