Halyq Uni логотип
×

Қазпошта қызметкерлері 80 млн теңге жымқырған

2 кассир бас бостандығынан айырылды

 Динара Амантай 26.09.2024 | 10:17
Қазпошта қызметкерлері 80 млн теңге жымқырған
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында «Қазпошта» АҚ қызметкерлері 80 млн теңгені жымқырған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Аталған дерек бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында «Қазпошта» АҚ кассирлері түбіртектерді бұрмалау арқылы төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденгені анықталды. Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Келтірілген залал сомасы 80 млн теңгеден асты.

Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру және материалдық жауапты, сондай-ақ басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама