Астанада жойқын жарылысқа жол берілмеді
Өрт шыққан ғимараттан 6 газ баллоны шығарылды
Елордада өрт сөндірушілер жойқын жарылысқа жол бермеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, бүгін таңертең Алматы ауданы Жұмабаев даңғылы бойындағы екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған дәмханадан өрт шыққан.
Өрттің ауданы – 80 шаршы метр. Ғимаратта жиһаз, шатыры мен тұрмыстық техника өртенген. Өрт сөндірушілер 50 литрлік 6 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді.
Таңғы сағат 6 шамасында өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.