×

Базарда қантқа таласып жатқан жұрттың видеосы тарады

Бұл елдегі соңғы қант сияқты... 

Өзбекстанда базарлар мен дүкендерде қант үшін бұрын-соңды болмаған дүрбелең байқалды.

Tengrinews.kz сайтының жазуынша, жақында әлеуметтік желілерде Өзбекстан супермаркеттерінің бірінде сатып алушылар арасындағы шайқас бейнеленген бейнеролик тарады.

Желі қолданушылары Ташкент базарларында қант үшін кезек болып жатқанын жазып жатыр. Соның ішінде «Куйлюк» базарында байқалады.

«Адамдар, айтыңыздаршы, неге мұндай жағдайға жету керек? Бұл - жай ғана жүйке жүйесін өлтіру. Суретте 10 мың сум тұратын қант үшін кезек. Бұл елдегі соңғы қант сияқты. Байғұс милиция концертте жүргендей тұр», - деп жазды өзбек астанасының тұрғыны Facebook-те.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірнеше күн бойы Юнусабад дехкан базарында және басқа базарларда да болып жатыр.

Ал билік өкілдері елде қанттың жеткілікті қоры барын, тапшылық болмайтынын айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама