×

95 жас: Бибігүл Төлегенова мерейтойы аясында туған жерінде концерт өткізді

Жастарымыз сіздің еңбек жолыңызды үлгі етеді деп сенеміз, – деді облыс әкімі

 Халық үні 25.09.2024 | 22:16
фото: Абай облысының әкімдігі

Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі, әнші Бибігүл Төлегенова өзінің 95 жылдық мерейтойына байланысты туған жеріне барып, концерт қойды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Концертте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өнер иесіне ізгі тілегін білдірді.

Бүгін руханияттың ордасы – Семей қаласында ерекше күн. Қазақтың шоқ жұлдызы, әлемге әйгілі сопрано дауысының иесі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың мерейтойына арналған мерекелік концертке жиналып отырмыз. Аса қадірлі Бибігүл Ахметқызы, ғажайып дауысыңызбен қазақ ән өнерін биікке көтеріп, ұлттық мәдениетіміздің асыл мұрасын әлемге танытуда қосқан үлесіңіз ерен. Сізге мықты денсаулық, баянды ғұмыр тілейміз. Алдағы уақытта да өнеріңізден нәр алып, жастарымыз сіздің еңбек жолыңызды үлгі етеді деп сенеміз, – деді әкім.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама