Қытайдан келетін жүк ағыны көлемі артады
Транскаспий халықаралық көлік бағыты мәселелері талқыланды
Көлік министрлігінде Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ТХКБ бойынша жүктерді тасымалдау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тараптар Қытай – Еуропа қатынасында және 2029 жылдың соңына дейін кері бағытта Қытайдан ТХКБ бойынша жүк ағынының болжамды көлемін талқылады. Осылайша, тараптар бірлесіп, 2025-2026 жылдары ТХКБ бойынша тасымалдау көлемін жыл сайын 600 контейнерлік пойызға дейін, 2027 жылы 1000-ға дейін және 2029 жылы 2000-ға дейін ұлғайтады.
Бұдан бөлек, қазақстандық тарап контейнерлерді уақтылы тасымалдау және транзиттік контейнерлік пойыздар санының өсуіне сәйкес кідірістерге жол бермеу үшін отандық порттарда тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдайды. Мәселен, 2025 жылы жылына кемінде 50 мың стандартты контейнерді, 2026-2029 жылдары жылына кемінде 85 мың контейнерді ауыстырып тиеу болжанып отыр.
Бүгін біз Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2023 жылы тасымалдау көлемі 2,76 млн тонна болды. Бұл 2022 жылдан 65%-ға жоғары (1,7 млн тонна). Маршруттың қазақстандық учаскесінде «Достық – Мойынты» теміржол учаскесінің екінші жолдарын, «Алматы» айналма теміржол желісін, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Дарбаза – Мақтарал жаңа теміржол желісін салу сияқты бірқатар жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Ақтау және Құрық теңіз порттарының әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Ақтау портында «Контейнерлік хаб» салынады, бұл тасымалдау көлемін жылына қосымша 300 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Құрық портында ағымдағы жылы астық терминалы іске қосылады. «Саржа» көпбейінді терминалының құрылысы жүргізіліп жатыр. Кемелердің 6 метрге дейін кіруі үшін жеткілікті тереңдікті қамтамасыз ету үшін 2024 жылы Құрық портын түбін тереңдету жүргізіледі. Осындай жұмыстарды Ақтау портында да жүргіземіз. Бұл шаралар Қазақстан порттарының өткізу мүмкіндігін жылына 30 млн тоннаға (+10 млн тонна) дейін арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті қазақстандық тарап өкілі.
Екі тарап көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы екіжақты қатынастарды дамытудың оң динамикасын атап өтті.